Қазақстан қор биржасының (KASE) 26 қазанға арналған кешкі сессиясында доллардың орташа бағамы 279,20 теңге болды. Бұл туралы KASE сайтында хабарланды.
KASE ақпараты бойынша, жұма күнгі кешкі сессияда доллармен сауда барысында доллардың теңгеге қатысты минимал баға —278,95 теңге болса, максимал баға- 279,35 теңге болды. Жабылу сәтіндегі баға —279,35 теңгені құрады.
АҚШ долларына қатысты сауда көлемі кешкі сессияда 7 млн 500 мың доллар болды. Валюта курсына қатысты жасалған келісім саны — 10.
26 қазан күнгі ресми АҚШ долларының курсы — 277,51 теңге.
Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 20 тамызынан бастап Қазақстан теңгені еркін айналымға жіберген еді. Теңгенің айырбас курсы нарықтық сұраныс пен ішкі және сыртқы макроэкономикалық факторларды ескере отырып ұсынылады.