$ 494.87  520.65  4.91

Ұлттық банк төлем карталары бойынша жаңа жүйе енгізбек

Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карталары бойынша банкаралық операцияларға қызмет көрсетуге арналған ұлттық (банкаралық) инфрақұрылымды құру жөніндегі іс-шараларды іске асыруға кірісті. Бұл отандық төлем нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және жұмысының тиімділігін арттыру үшін жүзеге асырылады деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.

Бастаманың негізгі мақсаты — қазақстандық банктерге олардың карточкалық операцияларын өңдеу бойынша операциялық-клирингтік қызметтер көрсету болып табылатын тәуелсіз төлем платформасын (жүйесі) іске қосу.

Қазақстан Ұлттық Банкі әзірлеген жол картасына сәйкес, жүйені 2016 жылдың 3 тоқсанында іске қосады деп күтілуде. Жүйені пайдалану бойынша алғашқы тестілеу жұмыстары келесі жылдың бірінші жартыжылдығының соңында басталады. 2015 жылдың соңына дейін жүйенің жұмыс істеу тәртібін және тетігін регламенттейтін қажетті нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу және қабылдау жоспарланып отыр.

Ұйымдастырылып отырған инфрақұрылымның қызметін енгізу Қазақстанның төлем карточкалары нарығын жаңа даму деңгейіне көтеріп, қолма-қол ақшасыз жүргізілетін төлемдердің өсуін жандандыру және төлем саласындағы болашағы бар инновациялық жаңалықтарды іске асыру үшін аса маңызды фактор бола алады.

Бұл жүйені «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК (ұлттық төлем жүйелерінің қазіргі операторы) базасында құру жоспарланады. Жүйені құру кезінде пайдаланылатын қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялары мен рәсімдері заманауи және прогрессивті бағдарламалық шешімдердің қолданылуы ескеріле отырып қолданыстағы жалпыәлемдік стандарттарға сәйкес келетін болады. Банктердің жүйеге қатысуы еріктілік қағидатына негізделетін болады.

Банктер төлем карточкалары бойынша өз операцияларын бағыттау және өңдеу үшін өздеріне коммерциялық тұрғыдан тартымды арнаны (жүйені) таңдау кезінде ерікті. Қажеттілік болған кезде екінші деңгейдегі банктер басқа банктердің клиенттеріне қызмет көрсету кезінде банкаралық төлемдер өткізудің қазіргі арналарына қоса резервтік алаң ретінде жаңа жүйе сервистерін пайдалана алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары