$ 447.4  477.55  4.76

Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары боп тағайындалды

Арман Жұмабеков ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары боп тағайындалды деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Арман Дайырұлы Жұмабеков ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды.

А. Жұмабеков 1973 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1990 жылы бастаған. Түрлі жылдары Мемлекеттік кірістер министрлігінің құрылымында, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде, Президент Әкімшілігінде, сондай-ақ, коммерциялық секторда жұмыс істеген. 2018 жылғы мамырдан бастап 2019 жылғы наурызға дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы лауазымын атқарған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары