$ 494.87  520.65  4.91

Ерболат Досаев: «Теңге жыл басынан бері 1,2 пайызға нығайды»

Парламент Сенатының жалпы отырсында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің айырбас бағамы жыл басынан 1,2 пайызға нығайғанын айтты , деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Валюта нарығында жағдай тұрақты болып қалуда. 2 сәуірдегі жағдай бойынша теңгенің айырбастау бағамы жыл басынан 1,2 пайызға нығайды. Айырбастау бағамы еліміздегі төлем балансы жағдайына, яғни шетел валютасының еліміздің нарығына түсімі мен кетуінің теңгеріміне байланысты. Бұл сыртқы күйзелістерді барынша азайтуға және экономикамыздың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерін сақтауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді Е. Досаев. 

ҰБ төрағасы атап өткендей, 2018 жылы төлем балансының ағымдағы шотының айтарлықтай жақсаруы байқалды. 

«Теңгенің өзгермелі айырбастау бағамы саясаты алтын-валюта резервтерін үнемдеуге  мүмкіндік береді. 1 наурыздағы жағдай бойынша Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 29,2 млрд АҚШ долларын, Ұлттық қордың активтері - 59 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы халықаралық резервтер 88,2 млрд АҚШ долларына жетті», - деді Досаев.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары