Аталған азаматтардың басым бөлігі өздерінің сауда қызметіне бейімделгенін алға тартып, жұмыспен қамту бағдарламаларына қатысудан бас тартуда. Алайда қала аумағында белгіленбеген орындарда саудамен айналысқан тұлғаларға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 204 және 505-баптарына сәйкес тиісті айыппұлдар салынады. Осыған орай Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты қала аумағындағы базар басшыларымен бос сауда орындары және әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге жеңілдетілген бағдарламалар бойынша екі жақты келісім жасады.
Атап айтқанда, «Қырғы базар» аумағында – 100 орын, «Айна» базары аумағында – 50 орын, «Автонұр» базары аумағында – 91 орын, «Бекжан» базары аумағында – 2000 орын. Аталмыш базарларда жан-жақты жеңілдіктер жасау қарастырылған: әлеуметтік жағдайы төмен сатушылардан алғашқы бірінші айда сауда орнына ақы алынбайды, әлеуметтік жағдайы төмен саудагерлерге 50 пайыздық жеңілдікпен орын беруге мүмкіндік бар.
«SN.kz»-ақпарат.