Қаражат елдегі агроөнеркәсіпті дамытуға жұмсалады, деп хабарлайды "Капитал". Бұл несие ауыл шаруашылығына жеке инвестицияларды жеделдету бағдарламасы бойынша үлестірілмек.
«Ауыл шаруашылығы өнімділігін алдағы бес жылда 30%-ға арттыру арқылы ІЖӨ-ні 4,4%-ға көбейтуге болады», - деді Дүниежүзілік банкінің Берарусь, Молдова және Украина директоры Сату Кахконен.
Банк мамандарының пікірінше, Украина аграрлы мемлекет болып қала береді. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін дамыту ел экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.
Украина жыл сайын агроөнімнің 42%-ын (жалпы құны 18 млрд доллар) экспортқа шығарып отыр.