26.04.2019, 12:17

Шымкент қаласы әкімдігі жеңіл өнеркәсіпке жіті көңіл бөлмек

Бір замандарда «Восход» тігін фабрикасымен атағы алысқа кеткен Шымкентте алдағы уақытта жеңіл өнеркәсіпті өркендету міндеті тұр. Бүгінде жергілікті билік саланы сауықтыру үшін түрлі әдіс-тәсілдерді қарастырып жатыр. Осы мәселеге орай, қала әкімінің орынбасары Данат Жумин Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жазба қалдырды.

«Кезінде Шымкент қаласында ірі бір текстильдік өндіріс болған еді. «Ютекс» және «Меланж» фабрикаларында 800-ге жуық қызметкер жұмыс істеген болатын. Бірақ, өкінішке қарай, бірнеше жыл бұрын бұл өндіріс тоқтап қалды. Қазіргі таңда оның мүлігі – «Қазақстан Инвестициялық Қорының» меншігінде. Бүгін біз қала әкімімен бірге текстильдік өндірісті барып көрдік… Жағдайы керемет деп айта алмаймын. Кейбір өндірістік орындары да, жабдықтары да тозығы жеткен сияқты… Алайда өндірісті қалпына келтіруге мүмкіндіктер әлі де бар. Бұл үшін қаражатты ғана емес, текстиль саласында мол тәжірибесі бар инвесторларды да тартуымыз керек. Бұл бағытта жұмыс атқаратын боламыз», - дейді ол жазбасында.

«SN.kz»-ақпарат.

Тегтер: Шымкент