31.05.2019, 13:00

Мұнайдың әлемдік бағасы айтарлықтай төмендеді

https://topwar.ru
Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай төмендеді.

Лондондағы ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 3,09 долларға төмендеп, 66,65 долларды құрады. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 2,22 долларға төмендеп, бір баррелі 56,59 доллар болды.

inform.kz

Тегтер: мұнай биржа