$ 494.87  520.65  4.91

20 000 теңгелік банкнот шығарылуы мүмкін

20 мың теңге номиналындағы банкнот шығару мәселесі қазір Ұлттық банкте талқыланып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банктың басшысы Данияр Ақышев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.  

«20 мың теңгеге қатысты айтар болсақ. Қазір бұл сұрақ талқыланып жатыр. Жақын арада біз мәлімдеме жасаймыз», -деді ол.

Осыған дейін Ұлттық банктың бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов 20 мың теңгелік ақша белгісі басып шығарылады дегенімен, кейінірек уақыты әлі ерте деп мәлімдеген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#теңге