Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 382,75 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі KASE-ге сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,87 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 382,5 теңге, ал ең жоғарысы 383 теңге болды. Сауда көлемі 59,5 млн долларға жетті. Сейсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 383,62 теңгені, күндізгі сессияда 383,86 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 383,69 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 146,527 млн доллар.