Қазақстан қор биржасында (KASE) бейсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллар үшін 380,97 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат KASE-ге сілтеме жасап.
Сәрсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 7,78 теңгеге арзандады. Сессия барысында ең төменгі бағам 1 долларға - 380,5 теңге, ал ең жоғарысы 381,07 теңге болды. Сауда көлемі 42,374 млн долларға жетті.
Сәрсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 382,75 теңгені, күндізгі сессияда 382,02 теңгені, екі сессияның қорытындысы бойынша 382,38 теңгені құраған болатын. Сауданың жалпы көлемі - 121,911 млн доллар.
Еске сала кетейік, Қазақстан қор биржасында сәрсенбі күнгі сауда-саттықтың таңертеңгілік сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 0,87 теңгеге арзандап, 1 доллар үшін 382,75 теңгені құраған еді.