21.06.2019, 09:00

Мұнай бағасы қымбаттады

Фото: ҚазАқпарат
Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,43 долларға қымбаттап, 64,7 долларды құрады.

Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларында бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы айтарлықтай көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы 2,43 долларға қымбаттап, 64,7 долларды құрады. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) шілде айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай құны 2,89 долларға көтеріліп, бір баррелі 56,65 доллар болды.   

Тегтер: мұнай