16.06.2019, 09:43

Шымкентте Disney Land ойын сауық паркінің салынуы екі жақты келісімнің нәтижесі

Екі жақты келісімдердің табысты нәтижелерінің бірі ретінде Шымкент қаласында Disney Land сияқты отбасылық ойын-сауық паркін соғу бойынша уағдаластықты атап өтуге болады.

Жобаға аттракциондар паркі, аквапарк, жабық ойын-сауық орталығы, қонақ үй, СПА, коттедж қалашығы, табиғат паркі, гольф-клуб құрылысы кіреді. Бұл жобаның инвесторы — CG Corp Global ірі конгломератының иесі Бинод Чаудхари сондай-ақ әлемдік деңгейдегі саябақтарға ұқсас Алматы қаласында туристік кешенді құруға қызығушылық білдіруде.

Сондай-ақ, RV Healthcare компаниясының қатысуымен диабетке қарсы препараттар өндірісін жолға қою жоспарлануда. Аталған жоба іске асырылған жағдайда Қазақстан бұл препаратта импорт алмастыруды 100%-ға жүзеге асырып, аймақта инсулиннің негізгі жеткізушісіне айналуы мүмкін.

Қазіргі уақытта үнді компанияларын тау-кен өндіру, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларға тарту үшін бірқатар келіссөздер жүргізілуде. Жалпы 2019 жылдың 5 айында ҚР сыртқы саяси ведомствосы әлеуетті үнді инвесторларының қатысуымен шамамен 10 жаңа жобаны анықтай алды.

Осылайша, үнді бизнесі бүгінде Қазақстан экономикасына айтарлықтай белсенділік пен қызығушылық танытуда. Өз кезегінде, экономикалық дипломатия жасалған жұмыс тетігін пайдалана отырып, екіжақты ынтымақтастықты ұлғайтуды жалғастырады.

«SN.kz» - ақпарат»