$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент: Алик Шпекбаев инвесторлар иен кәсіпкерлерге қызмет көрсететін орталыққа барды

Шымкент қаласына іссапармен келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов "Shymkent" ӘКК алаңында орналасқан мемлекеттік қолдау мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін "Бизнеске арналған Үкімет" бірыңғай орталығымен таныстырды.

«Бизес супермаркет» пен «E-Commerce Center» электронды коммерция орталықтарының жұмысымен танысқан Агенттік төрағасы оң бағасын беріп, қолайлы инвестициялық ахуал жасау және бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына деген сенімін арттыру бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

Орталықты таныстыру барысында «Shymkent» ӘКК өкілдері «Бизнеске арналған Үкіметтің» қолжетімді 6 мамандандырылған қызмет аймағының функцияларын егжей-тегжейлі түсіндірді. Мемлекеттік қызмет, өткізу, қаржыландыру, құқықтық сүйемелдеу, құзырет, сандық қызметтер сынды аймақтар цифрландыру-сыбайлас жемқорлық көріністерінен ада ортаны қалыптастырудың негізгі көмекшісі, сондай-ақ цифрландыру азаматтарға үйден немесе жұмыстан шықпай қызмет алуға қолайлы жағдай жасайды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары