$ 494.87  520.65  4.91

"Шымкент – ең креативті қала" деп бағалады Алик Шпекбаев

Бүгін Шымкент қаласына жұмыс сапарымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев келді. Қала әкімі Ғ.Әбдірахымов жұмыс тобына әкімдік ғимаратының бірінші қабатынан ашылған «Ашық әкімдік» орталығының жұмысын таныстырды.

Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары Данат Жумин экспримент жүзінде енгізілген басқару жүйесі бойынша атқарылған екі айлық жұмысын баяндады. Өз сөзінде Алик Шпекбаев мемлекеттік қызметтерді алудың қолайлы жағдайы жасалып жатқан əкімдіктің осынау бастамаларын ауқымды жұмыстарға балап, мұны сыбайлас жемқорлықтан таза қоғамның ең басты құндылықтарына жатқызды. Сондай-ақ ол Шымкенттің ең креативті қала екенін атап өтті.

Сапар барысында Алик Жатқамбайұлы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесіндегі жұмыстарды бағамдады. «Қызметтерді цифрландыру – сыбайлас жемқорлықтан ада орта қалыптастырудың тиімді тетігі. Сондықтан халыққа үйден немесе жұмыстан шықпай-ақ қызмет алуға қолайлы жағдай жасау керек», - деді ол. 

Бұдан кейін Агенттік төрағасы бастаған жұмыс тобы Шымкенттегі «Әлем-БТ» және «Балтекстиль» кілем тоқу фабрикасында болып, өңірде отандық жеңіл өнеркәсіптің өркен жайғанына куә болды. Отандық таза табиғи экологиялық өнімге жоғары бағасын берді.  Отандық өндірісті қолдау мақсатында фабрика өнімдерін сатып алды.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары