Сонымен бірге «Казаграном» ЖШС-нің өкілі Б.Тоқсанбаев және «Шарипов» ЖК өкілі Х.Шарипов Шымкент қаласында жылыжай саласында гектарлық субсидиялауды жаңғырту және инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласына қосымша қаражат бөлу мәселелері бойынша министрге сұрақ қойып, министрден сәйкес жауап алды.
Жалпы есеп өте нәтижелі болды деп пайымдауға болады, себебі ауыл шаруашылығы саласында тікелей іс жүргізуші шаруалар, осы саладағы өзекті проблемалық мәселелерді өңірлерде емес орталық атқарушы органның башылығының назарына талқылауға шығарып, оларды болдырмау және түзеу бойынша сәйкес шешімдерге жетті.
«SN.kz»-ақпарат.