Жиналыс барысында А.Аванов арнайы тапсырыспен құлақ жапсырмаларын (сырға) ақылы түрде жасауға мүмкіндігі бар екендігін хабарлады. Осыған байланысты қала тұрғындарының назарына «Егер Сізге ауыл шаруашылығы жануарларына арналған құлақ жапсырмалары (сырға) қажет болған жағдайда олар бойынша ақпаратты төменде көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласып, біле аласыздар. Байланыс нөмірлері: 45-05-22, 45-05-18» деген тұрғыда хабарландыру айтылды.
Атап өту керек, әр кез мал қатаң есепте және бақылауда болады. Малдың қозғалысына бақылау жүргізу мақсатында мал сырғалау немесе таңбалау арқылы бірдейлендіріледі.
«SN.kz»-ақпарат.