18.06.2019, 20:08

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы бейнеконференциялық байланыс арқылы министрдің есебіне қатысты

Бүгін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылғы министрі С.Омаров министрліктің 2019 жылға атқарылған жұмысы туралы халық алдында есеп берді. Аталған есепке Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысы Асқар Қаныбеков, басқарма қызметкерлері, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші кәсіпорының өкілдері, шаруа қожалығы иелері, «Ветеринариялық қызмет» және «Шымкент сушар» МКК-ның қызметкерлері Шымкент қаласының әкімдігі ғимаратында бейнеконференциялық байланыс арқылы қатыса алды.

Сонымен бірге «Казаграном» ЖШС-нің өкілі Б.Тоқсанбаев және «Шарипов» ЖК өкілі Х.Шарипов Шымкент қаласында жылыжай саласында гектарлық субсидиялауды жаңғырту және инвестициялық субсидиялау бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласына қосымша қаражат бөлу мәселелері бойынша министрге сұрақ қойып, министрден сәйкес жауап алды. Жалпы есеп өте нәтижелі болды деп пайымдауға болады, себебі ауыл шаруашылығы саласында тікелей іс жүргізуші шаруалар, осы саладағы өзекті проблемалық мәселелерді өңірлерде емес орталық атқарушы органның башылығының назарына талқылауға шығарып, оларды болдырмау және түзеу бойынша сәйкес шешімдерге жетті.

«SN.kz»-ақпарат.