Аталған мәселелер жөнінде Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұркен Бегулиев, қалалық туризм басқармасының басшысы Тұрар Ахметов, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев баяндама жасап, бірқатар мәселеден хабардар етті. Нұркен Рахымұлының айтуынша, бүгінде индустриалдық аймақтарды жаңғырту бойынша ЖСҚ әзірленуде. Ал кәсіпкерлікті дамытуда жер, сәулет мекемелері тарапынан бірқатар кедергілерді жою керек.
Қалада этнотуризм бағыттарын жүйелеп, жұмыс атқару керек. Кеңес мүшелері Шымкенттің 2020 жылғы ТМД-ның мәдени астанасы атануына орай, бірқатар жобалар дайындау керегін айтты. Сондай-ақ, жиында Қоғамдық кеңеске жаңа мүше қабылданды. Шымкент қаласының Кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Қабыштаевтың кандидатурасы көпшілік тарапынан бірауыздан қолдау тапты.
«SN.kz» - ақпарат»