10.07.2019, 09:05

Лондон шикізат биржаларында мұнай бағасы көтерілді

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,65 долларға көтеріліп, баррелі 64,54 долларды құрады.

Лондон шикізат биржаларында сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша мұнай бағасы жоғарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондондағы ICE Futures биржасында қыркүйек айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 0,65 долларға көтеріліп, баррелі 64,54 долларды құрады. 

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) тамыз айында жеткізілетін WTI маркалы мұнай бағасы 0,17 долларға көтеріліп, бір баррелі 57,83 доллар болды. 

Авторы: Асхат Ахметбеков

Тегтер: мұнай