$ 448.89  477.93  4.76

Оңтүстікте агроөнеркәсіп кешені  тұрақты дамуда

Оңтүстік Қазақстан облысы аграрлы аймақ. Осы бағытта атқарылған жүйелі жұмыстардың нәтижесінде облыстағы аудандар ауыл шаруашылығы өнімін жинаудан рекордттық көрсеткішке қол жеткізуде.

Мәселен, Сарыағаш ауданындағы «Қапланбек» маркалы шарабымен танымал болған ауылдың жүзім өндірушілері  234 гектардан 2890 тонна өнім алса, биыл бұл көрсеткіш екі есеге артып, 5148 тоннаны құрап отыр. Сонымен қатар, жеміс-жидектен 1410 тонна өнім алып көш бастаса, жылыжай көлемін 50 га ұлғайтып озат атанды. Ал шардаралық диқандардың ішінде биыл мақташы қауымның еңбегі жанды. Аудан бойынша егілген 11972 гектар мақталықтан барлығы 32400 тонна ақ ұлпа жиналды. Мұнда «ақ алтынның» әр гектардан түсімділігі 27,1 центнерді құрады. Айта кетейік, аудан мақташыларының биылғы көрсеткіші өткен жылғыдан 10 центнерге артып отыр. Мұндай жоғары өнімділікке облыс бойынша шардаралық мақташылардың ғана қолдары жетіп отыр. Сонымен қатар, Қазығұрт ауданы астық өндіруден көш бастады. Биыл ауданда 40 мыңнан астам алқапқа егін егіліп, 96200 тонна астық  жиналды. Яғни гектарына 24 центнерден түсіп отыр. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 137 пайызға артық.  Шымкенттік шаруаларда  10 айда 7178 тонна ет өндіріп, облыс бойынша озаттар қатарына кіріп отыр.Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 144 пайызға артығымен орындалған.

Оңтүстік Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында өңір басшысы келесі бесжылдықта жаңа саясатқа көшуді ұсынды. Яғни өңіріміздегі әрбір ауданның климаттық жағдайына қарай ауыл шаруашылығын дамыту. Ең алдымен өңірдегі суармалы жерлердің жағдайын жақсартып, жаңадан суармалы жерлерді айналымға қосу, екіншіден фермерлерге төмен пайызбен берілетін несиелердің көлемі арттыру. Сонымен қатар, облыс көлемінде машина-тракторлық станциялар (МТС) ашу және фермерлерге ғылыми-консультациялық қызмет көрсететін орталықтар құру. 

ОҚО шаруалары алдағы уақытта осы ұсыныстарды жүзеге асырған жағдайда өңіріміздің өнім өндіру көрсеткіші еселене түсетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары