$ 489.06  536.21  5.05

Қызылордада металл қалдықтарын өңдеу зауыты салынады

Сәулет-қала құрылысы кеңесінде «Шах-Исмаран» ЖШС-нің металл қалдықтарын өңдеу зауытының эскиздік жобасы талқыланды.

 

Жобаны мекем басшысы Мейрамбек Қалиев таныстырды. Оның айтуынша, зауыт Қызылорда қаласындағы индустриалды аймақта салынады. Құрылыс жұмыстары келер жылдың басында басталып, жыл соңына дейін аяқталады.

Зауыттың қуаттылығы жылына 18 мың тонна металл қалдықтарын өңдейді. Сондай-ақ, жаңадан 300 жаңа жұмыс орны ашылады.

Кеңес отырысында бұл жоба мақұлданып, зауыт соңғы заманауи құрылыс жабдықтарымен салынатын болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары