$ 444.22  476.38  4.82

Ақмола облысындағы құс фабрикасы жылына 300 млн. дана жұмыртқа өндіреді

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин өзінің  Еңбекшілдер ауданына барған жұмыс сапары барысында Астана қаласының аумағын азық-түлік белдігін қалыптастыруды дамыту аясында жүзеге асырылған жобалардың бірімен танысты.

2013 жылы жүзеге асырылған «ҚазГерҚұс» ЖШС бүгінде әлемдік стандартқа сай болып табылады. Ол жылына 300 млн.дана жұмыртқа, 102 тонна ұсақталған құс етін өндіреді. Тек ағымдағы жыл басынан бері 114 млн.теңгенің өнімін өндірген.

Биылғы жылы Мемлекет Басшысының Астана қаласының аумағын азық-түлік белдігімен қамтамасыз ету тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында ұүс фабрикасы өзінің жоба бойынша жоспарланған екінші кезеңін жүзеге асырып, толық қуатына енді. Бүгінде бұл жерде 650 мың бас құстарға арналған жас құстардың 2 цехы мен мекиен-тауықтардың 8 цехы тұрғызылған.  «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекттік бағдарламасы бұл инфрақұрылым құрылысына 250 млн теңге бөлген. Бұл жоба ауылдың 250 тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз еткен, олардың орташа айлық жалақылары 87 мың теңгені құрайды. Кәсіпорын қызметімен танысқан әкім бұл ҮИИД бағдарламасы аясында өңірде жүзеге асырылған айшықты жобалардың бірі екенін айтты. Кәсіпорын басшыларының жұмысына риза болған әкім оларды мемлекеттік-жеке меншік серіктестік негізінде бірлескен жобаларды қолға алуды шақырды. Мәселен, ауыл тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешу үшін серіктестікке бала-бақшалар салу идеясын ұсынды. Сіздер құрылысына жауап бересіздер, біз оның барлық өзге мәселелерін шешуге көмектесеміз» деді өңір басшысы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары