Экономика 25.11.2015 сағат 12:20

ОҚО-да 300 шақырымнан астам жол күрделі жөндеуден өтті

2015 жылы облыстағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелерінде құрылыс, қайта жаңарту, күрделі, орта және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 15,1 млрд. теңге қаржы бөлінген (Оның 14,6 млрд. теңгесі облыстық бюджеттен болса, қосымша 536 млн. теңге республикалық бюджеттен қарастырылған). Бұл қаржыға 69 нысанда, соның ішінде 558,2 шақырым жолда жұмыстар жүргізілуде.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Атап айтар болсақ:

- Облыстық маңызы бар 265,5 шақырым жолға және 1 көпірге  құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 2015 жылы кестеге сәйкес 79,1 шақырым жол мен 1 көпір пайдалануға беру жоспарланған. Аталған нысандар бойынша ағымдағы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінгі күні қабылдау рәсімдері жүргізілуде. Ал, қалған 186,4 шақырым жолдың аяқталу жұмыстары 2016  жылы жалғасатын болады.

- Қала және аудан көлемінде 49 нысанда - 292,7 шақырым жолда және  2 көпір, 1 теміржол өткелі, 1 жер асты және 2 жер үсті өткелдерінде жұмыстар жүргізілуде. 2015 жылы 250 шақырым жол мен 1 жер асты және 1 жер үсті өткелдері кестелерге сәйкес пайдалануға беру жоспарланған болса, бүгінгі таңда аталған жұмыстар аяқталып, қабылдау рәсімдері жүргізілуде.

Қалған 42,7 шақырым жол мен 1 теміржол өткелі және 1 жер үсті өткелінің аяқталу жұмыстары 2016 жылы жалғасатын болады. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар