Ал аяқ-киім өндірісімен айналысатын шымкенттік «Lux Shose» БК» ЖШС «қарапайым заттар экономикасы» (басымдық берілген жобаларды несиелендіру) мемлекеттік бағдарламасының алғашқы қатысушысы, деп хабарлайды Sn.kz.
2019 жылдың басында іске қосылған бұл жоба күнделікті тұтынуға арналған азық-түлік өнімдері мен өндірістік тауарларды өндіретін жергілікті компанияларды жеңілдікпен несиелеуге бағытталған.
Алмас Тастановтың сөзінше, жергілікті кәсіпорындарды қаржылық қолдауды күшейту мақсатында 600 млрд теңге бөлініп отыр, оның 200 млрд теңгесі – агроөнеркәсіп саласын іске қосуға, қалған 400 млрд теңгесі қайта өңдену кәсібіне жұмсалмақ.
Ал Шымшаһарда биыл 770,0 млн теңгені құрайтын 4 жоба аталған несиеге қол жеткізді. Ерлердің аяқ киімін шығаратын «Lux Shose» БК ЖШС - соның бірі. Аталған компания алған несиесіне Италиядан арнайы аппарат сатып алған. Енді олар аяқ киім табанын шетелден алдыртпайды. Өздері жасайды. Сәйкесінше, жылына 60 мың жұп былғары аяқ-киім шығаратын фабрика өзінің өрісін кеңейтіп отыр.