06.11.2019, 10:10

6% шағын несие береді

фото: dopo.kz
Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар қатыса алады.

Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған тағы бір бағдарлама — нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы. Бұл бағдарлама арқылы бизнес-жоспарды іске асыру үшін «Даму» қорының кепіл беруімен жылына 6 пайызбен 20 млн теңгеге дейін шағын несие алуға болады. Шілде айында аталмыш бағдарламаға 618,0 млн теңге бөлінді, – деп хабарлайды Sn.kz.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының міндеттері:

— Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау. — Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу. — Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту. — Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту. — Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу. — Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. — Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру. Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылмақ: — Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету; — Жаппай кәсіпкерлікті дамыту; — Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.

Бағдарламаға 29 жасқа дейінгі жастар, жұмыссыздар және өзін өзі жұмыспен қамтушылар қатыса алады.

Кредитті/микрокредитті беру шарттары: — кредит/микрокредит мерзімі — 5 жылға дейін, (мал шаруашылығы және ауыл шаруашылық кооперативтерін құру саласындағы жобалар үшін — 7 жылға дейін); — кредиттің/микрокредиттің ең жоғары сомасы — 8 000 АЕК дейін; — номиналды сыйқы мөлшерлемесі – жылдық 6% аспайды.

Кредитті/микрокредитті алу үшін қажетті құжаттар: — өтініш; — жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; — тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы, ауыл әкімінің анықтамасы); — бизнес-жоспар; — қызмет көрсетуші банктен шоттың бар болуы туралы анықтамалар; — қаржы ұйымдарынан қарыз берешегі, соның ішінде мерзімі өткен берешегі болуы туралы анықтамалар (кредиттер болған жағдайда); — қарыз алушының еңбекақысын және/немесе өзге табыстарын растайтын құжат; — бағалау туралы есеп; — кепіл беруші және кепілдік қамтамасыз ету бойынша құжаттардың көшірмелері; — кәсіпкерлік негіздерін оқытудан өткені туралы (тек жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін).

Адамды еңбекке баулып, табысқа қарай ұмтылысын ынталандырып, қолдау қажет. Ал табысты болу кәсіпкердің еншісінде.