2020-2024 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясат «Қазақстан-2050» Стратегиясын және Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру шеңберінде халықтың әл-ауқатын арттыру және экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ету жөніндегі ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін жүргізілетін саясаттың сабақтастық қағидаттарын басшылыққа алатын болады, деп хабарлайды Sn.kz.
Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бойынша, сондай-ақ, Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының негізгі ережелерін ескере отырып, елдің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі басымдықтары болып мыналар айқындалды:
Біріншіден, инфляция деңгейін кезең-кезеңімен төмендетумен болжамды ақша-кредит саясаты, бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеу, сондай-ақ, жасанды тапшылықты, бағалық келісімді және әділетсіз бәсекелестікті құру мүмкіндігін болдырмау; ынталандырушы салық саясатымен, бюджет шығыстарын ұтымды етумен қаржылық тұрақтылық арқылы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
Екіншіден, кешенді ақпараттық-технологиялық платформалар енгізу, технологиялық қайта жарақтандыру, экспорттық әлеуетті арттыру және еңбек өнімділігі есебінен дәстүрлі негізгі салаларды дамытуға, туризм, сауда, сондай-ақ зияткерлік көлік жүйесін, құрылыс саласындағы заманауи технологияларды енгізуге серпін беру арқылы салаларды технологиялық жаңғыртуды қолға алу нақтыланды.