Орта мерзімді перспективада инфляция біртіндеп баяулайды және 5,0-5,5% деңгейде тұрақтанады. Бұл жөнінде Ұлттық банк хабарлады.
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының баяу өсуіне байланысты инфляцияның болжамы төмен қаралды. Сонымен бірге, келесі жылдың басында ақылы қызметтер бағасының өсу мүмкіндігімен байланысты инфляциялық тәуекелдердің пайда болу ықтималдылығы бар. Алайда, болжам кезеңінде инфляция 4-6% дәлізінде сақталады.
Инфляцияның баялауына Ресей, ЕО мен Қытайда инфляция нысаналы деңгейлерінен төмен болуы аясында қолайлы ішкі инфляциялық ая, сондай-ақ фискалды ынталандырудан нәтиже төмендеу аясында ішкі сұраныс жағынан қысымның біртіндеп әлсіреуі ықпал етеді, - делінген Ұлттық банктің тоқсан сайынғы "Инфляцияға шолу" басылымында.
Банктің мәліметінше, қазіргі уақытта Қытайда шошқа етіне ұсыныс төмендегендіктен ет бағасының өсуі байқалады, инфляцияның бұл үдеуі қысқа мерзімді. 2020 жылы әлсіз юаньнің АҚШ долларына қатысты инфляцияны ұлғайтатын қысымына қарамастан, инфляция таргеттелетін деңгейден тағы да төмендейді. Инфляцияны тежейтін негізгі фактор аздаған ішкі сұраныс болады.
2019 жылдың қорытындысы бойынша Ресейде инфляция 3,2%-3,7% болады, ол 2020 жылғы 1-тоқсанда одан әрі 3,0%-дан төмен төмендейді. Инфляцияға ұстамды сұраныстың ықпалы, сондай-ақ, бюджеттік ресурстарды қаржыландыруда артта қалу басым болуда, - делінген хабарламада.
Осымен қатар, Ұлттық банктің талдаушылары АҚШ ФРҚ мен басқа орталық банктердің барынша жеңіл риторикасы әлемдік капиталды дамыған елдердің пайдасына қайта бөлу тәуекелін азайтады және дамушы нарықтары бар елдердің, оның ішінде Қазақстанның валютасына қысымды төмендетеді деген ойда.
Дереккөз: BAQ.KZ