Қарағандылық отбасы 7 жыл бойы тиын жинаған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сілтеме жасап.
Жиналған тиыннан 700 мың теңге құралып, үйдің отағасы балаларының депозитіне салуға банкке апарған. Банк қызметкерлерін ақшаның мөлшері емес, номиналы ерекше таңғалдырды. Банк салымшысы 100, 50 және 20 теңгелік монеталардан тұратын жинақ ақшасын екі бес литрлік бөтелке мен пакеттерге салып алып келген екен.
Аты-жөнін жасырын қалдырғысы келген клиент тиын жинауды 7 жыл бұрын бастаған. Жинақ сандықшасын толтырған отағасы жұбайының туған күніне толған "копилканы" сыйға тартуды жөн көріпті. Әйелі тиыннан жиналған жинақ сандықшасындағы қаражатты жоймай, ұлдарының депозитіне салуға кеңес берген.
Отбасы ақшаны банкке апарар алдында 4 сағат бойы санаған.