$ 494.87  520.65  4.91

20 млрд 600 млн теңге: Мәдениет және спорт министрлігі бюджет қаражатын бейберекет шашқан

Әкімшілік құқықбұзушылық сипаты бар 28 іс әкімшілік өндіріс ісін қозғау үшін уәкілетті органға тапсырылды.
фото: total.kz
фото: total.kz

Мәдениет және спорт министрлігінің жұмысында 343 млн 900 мың теңгенің қаржылық бұзушылық фактілері анықталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін министрліктің жекелеген бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуы бойынша жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысына сүйенген Есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақан мәлімдеді.

«Атап айтқанда, министрлік «Қазақ ұлттық хореография академиясына» 7,9 млн теңге көлемінде негізсіз қосымша құн салығын (ҚҚС) аударған. Ол уақытта академия ҚҚС төлеуші болмаған», - деді Талғат Жақан.

Оның айтуынша, министрліктің жұмысынан тағы бірқатар кемшілік табылған.

«Жалпы, аудиторлық шаралар бойынша 343 млн 900 мың теңгенің қаржылық бұзушылық фактілері анықталды. Орынды жоспардың болмауынан 20 млрд 600 млн теңге тиімсіз жұмсалған. 846 млн теңгенің мемлекеттік сатып алуы кезінде бұзушылықтарға жол берілген. 91 процедуралық бұзушылық болған. Аудит барысында орнына қойылуы тиіс 10 млн 900 мың теңгенің бұзушылықтарын реттеу бойынша шаралар қабылданды. 333 млн теңгенің жұмысы қалпына келтірілді. 9 млн 700 мың теңге өтелді. 75 млн 400 мың теңге қайтарылды.

Әкімшілік құқықбұзушылық сипаты бар 28 іс әкімшілік өндіріс ісін қозғау үшін уәкілетті органға тапсырылды», - деді Талғат Жақан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары