$ 444.22  476.38  4.82

Қытайдың тағы 4 ірі компаниясы Қазақстан нарығына кірді

Қытайдың төрт ірі агроөнеркәсіптік компаниясы Қазақстан нарығына ірді деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап айтар болсақ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың CITIC, COFCO, Rifa Holding Group және Ай Цзюй компанияларымен екіжақты келісімге отырмақ. Осы келісімдердің аясында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 61-қадамын жүзеге асырамыз дейді ведомстводағылар. Яғни, отандық ауылшаруашылық саласына стратегиялық инвесторларды тартып, өндірісті дамытуға күш салынатын болады.

Айта кетейік, жуырда "Ақтөбемұнайгаз" компаниясының жұмысшылары қытайлық басшыларынан қысым көріп жатқанын айтып шағымданған болатын. Олардың сөзінше, компания ішінде қазақ жұмысшылары қытай тілінен емтихан тасыратын көрнеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары