$ 514.65  544.6  5.17

2013 жылғы 1000 теңгені қабылдамайтын кәсіпкерлерге айыппұл салынады

Ақшаны алмаған жағдайда оны видеоға түсіріп немесе Сізден бұл ақшаны қабылдай алмайтынын жазбаша жазып беруін талап етіңіз.

Түркі жазуындағы «Күлтегін» ескерткішіне арналған 2013 жылғы 1000 теңгелік банкнот – заңды төлем құралы. Ол барлық төлем түрлерінде қабылдануы керек. Тек әбден тозған жағдайда ғана айналымнан алынады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Егер кәсіпкерлер бұндай ақшаны қабылдаудан бас тартса, онда оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206-бабына сәйкес ескерту жасалады. Егер жағдай бір жыл ішінде тағы қайталанса, онда 5-тен 25 АЕК көлеміне дейін (2020 жылғы есеп бойынша, 1 АЕК – 2 651 теңге) айыппұл салынады» делінген хабарламада.

Сонымен, бұл ақшаны қабылдаудан бас тартқан біреулер болса, онда оны ұсынған адам Ұлттық банктің өңірлік филиалына хабарласуы қажет. Олар шағым бойынша қажетті шаралар қолданады.

«Ақшаны алмаған жағдайда оны видеоға түсіріп немесе Сізден бұл ақшаны қабылдай алмайтынын жазбаша жазып беруін талап етіңіз», - дейді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Cондай-ақ, 2006 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары