$ 494.87  520.65  4.91

Былтыр еңбек инспекторлары ел бойынша 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғаған

Жалпы, 2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9 513 тексеру жүргізді.

2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 1 771 кәсіпорнынның 43,3 мың жұмыскерге жалақы бойынша 6,1 млрд теңгеден астам берешегі бар екенін анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қолданылған шаралардың нәтижесінде, жалақы бойынша қарызды өтеудің мерзімі мен кестесін қатаң белгілеу арқылы 41 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалып, нәтижесінде, оларға 5,4 млрд теңге төленді.

Аталған кәсіпорындардың жетекшілеріне орындалуға міндетті 1 285 нұсқама беріліп, 141 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Жалпы, 2019 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 9 513 тексеру жүргізді. Сол сәтте 12,9 мыңнан астам Еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталып, 467 млн теңге айыппұл салынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары