$ 494.87  520.65  4.91

300 миллиард теңге: сарапшы еліміздегі шетелдік автокөліктерді тіркеудің пайдасын айтты

Оның жазуынша, Қазақстанға жалпы шетелдік тіркеуі бар 170 мыңнан астам көлік кірген.
фото: kolesa.kz
фото: kolesa.kz

Халықаралық инвестициялық компанияның сарапшысы Андрей Чеботарев Financekaz Telegram арнасына өз есебін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның жазуынша, Қазақстанға жалпы шетелдік тіркеуі бар 170 мыңнан астам көлік кірген. Олардың елімізде тіркелуі үшін барлық қосымша төлемдер 2,3 миллион теңге болады екен. Анықталғаны, бұл сома қозғалтқышының қуаты 1,6 литр және құны 3 мың доллар болатын, 3 жылдық және одан да жоғары мерзімдегі автокөліктерге төленеді.

Сарапшының айтуынша, аталған 170 мың автокөліктің бәрі бірдей тіркеле алмайды. «Егер автокөліктің 70 пайызы тіркелсе, онда Қазақстан бюджеті 300 миллиард теңгеге толығады», - дейді ол.

Автор «жүргізушілер мұндай көліктерді сатып аларда тәуекелге бел байлайтындарын білді» деген оқырмандар пікірімен келісетінін айтқан. Демек, енді сол азаматтар төлем жасаулары керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары