$ 494.87  520.65  4.91

Кредит бойынша қарызы барларға қатысты жаңа талап күшіне енді

Өзгерістер "Банк және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңдарға енгізілген.
Фото: Sputnik / Абзал Калиев
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Енді банктер мен микроқаржы ұйымдары азаматтардың кредит бойынша қарызы 90 күннен асып кеткен жағдайда, комиссия есептемейді. Жаңашылдық 2020 жылдың басынан күшіне енді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өзгерістер "Банк және банк қызметі туралы" және "Микроқаржы ұйымдары туралы" заңдарға енгізілген.

"Екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарына кепілсіз тұтынушылық қарыз бойынша берешек 90 күннен асып кетсе, айыппұл, өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа да төлемдер есептеуге тыйым салынады", - деді ұлттық экономика вице-министрі Ермек Алпысов елордада өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, бұрын кредитті уақытында төлемеген кезде, өсімпұл әр күн сайын 0,5 процентке өсетін. Енді биылдан бастап кредит бойынша берешегі 90 күннен асып кеткендерге ешқандай комиссия есептелмейді.

"Бұл несие алатын азаматтар үшін әжептәуір жеңілдік деп ойлаймын", - деді ол.

Айта кетсек, жаңа жылдан бастап кірісі күнкөріс деңгейінен төмен қазақстандықтарға кепілсіз кредит те берілмейді.

2020 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде бекітілді. Яғни, табысы осы сомадан аспайтындарға кредит беруге тыйым салынды.

Бұған қоса, жұмыссыздар да кредит ала алмайды. Өйткені банктен қарыз алу үшін соңғы 3-12 айдағы ресми табысты көрсету қажет.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары