Мемлекеттік инспекторлар Ресейден Қазақстанға 81 тонна қауіптілігі ықтимал банандарды енгізбей тастады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бір аптаның ішінде Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар Ресей Федерациясынан фитосанитариялық қауіптілігі жоғары өнімді өткізуге бағытталған сегіз әрекетті тоқтатты.
«Пайдакүнемдер көршілес мемлекеттен елімізге 81 тонна банан, 37 тоннадан астам картоп, 20 тонна сәбіз және таңбасыз 3 тонна бидай тұқымын өткізуге тырысқан. Өсімдіктер карантині туралы заңнаманың талаптарына сәйкес, бұл өнімдерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынған.
Тауар Ресей Федерациясына қайтарылды, ал кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады департаменттен.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі белгіліз бір вирус жұқтырған бананның Қазақстанға әкелінгендігі туралы таралған ақпараттың жалған екенін хабарлаған болатын.