$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда жылына 45 мың «Hyundai» автокөлігі құрастырылатын болды

Ал «Damas» автобусы, «Labo» жүк машинасы, «Chevrolet» (Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Tracker, Onix, Spark және т.б.) автомобилдерін Қостанай қаласында құрастыру жоспарланған.

Қазақстанда биыл 10-нан астам жаңа автокөлік түрі шығарылады. Ал елде құрастырылатын автокөлік санын жылына 100 мыңға дейін жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған шамадағы автокөліктердің 10-15 мыңын – Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Әзербайжан және басқа да елдерге экспорттау жоспарланған. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің Ұлттық автокөлік павильонындағы көлік құрастырушы компаниялары өкілдерімен өткізген жиында белгілі болды.

Жалпы, 2019 жылдың қорытындысы бойынша, автокөлік құрастыру өндірісі Қазақстанның машина жасау саласындағы үлесін 26%-ға өсіре алған (2018 ж. – 19%). Былтыр жалпы құны 360 миллиард теңгеге жуық болатын 50 мың дана көлік құрастырылып, оның 2,7 мыңы экспортқа шығарылған. Биыл сыртқа сатылатын көлік саны 10 мыңға жетеді деген де жоспар бар.

Автокөлік нарығындағы отандық көліктердің үлесі 59%-ға жеткен десек, Қазақстанда ең көп сатылатын 5 көлік түрінің 4-еуі өзімізде құрастырылған. Үкімет сайтының хабарлауынша, жыл аяғына дейін Алматыда жылына 45 мың көлік құрастыратын «Hyundai» зауыты іске қосылады екен.

Осы сәтте Асқар Маминге «Damas» автобусының, «Labo» жүк машинасының, сондай-ақ, «Chevrolet» (Tahoe, Traverse, Trailblazer, Equinox, Malibu, Tracker, Onix, Spark және т.б.) автомобилдерінің модельдері таныстырылды. Олардың бәрін Қостанай қаласында құрастыру жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары