$ 494.87  520.65  4.91

«Бұл – бизнестің жосықсыз әрекеті»: саудагерлер Қытаймен шекара жабылды деп азық-түлік бағасын өсірген

«Біз сөз байласуларға жедел ден қойып, оны жоя аламыз», - деді Бақыт Сұлтанов.
фото: syr-media.kz
фото: syr-media.kz

Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатқан жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Тұтынушыларымызға өтінішім бар. Қазір бірқатар тауар сатушы Қытаймен шекара жабылды деген желеумен азық-түлік бағасын көтере бастағаны туралы ақпарат түсіп жатыр. Осыған орай, Қазақстан Қытайдан әкелінетін және Қытайға жеткізілетін тауар қозғалысын тоқтатпағанын хабарлаймын. Бұл – тек бизнестің жосықсыз әрекеті. Олар соны бағаны көтеру үшін қолданады», - деді ол.

Министр тұтынушылардан осындай жағдайға, сондай-ақ, базарларда немесе сауда нысандарында баға сөз байласуына куә болса, 8 (7172) 75-16-32, 8 (7172) 749832 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрады.

«Біз сөз байласуларға жедел ден қойып, оны жоя аламыз», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары