$ 445.66  474.58  4.78

Қызылордада аурухана ұжымы компьютер пернетақтасын 4 есе қымбат етіп көрсеткен

Алынған тауарлардың ішінде көзге түсетіні, дербес компьютерге қажетті пернетақтаны 52 мың теңгеге «сатып алған».

Қызылордада аурухана ұжымы компьютер пернетақтасын 4 есе қымбат бағаға сатып алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қызылорда облысы Сырдария аудандық орталық ауруханасы сатып алынатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге сатып алу бағасын шамадан тыс көтерген. Мекеме орны кейбір тауар бағасын нарық бағасынан 1,5-4 есеге дейін асырып жіберген.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаменті белсенділермен бірлесіп, «Мемлекеттік сатып алудың қоғамдық мониторингі» жобасы аясында арнайы іс-шара жүргізді. Нәтижесінде, бірқатар кемшіліктерді анықтады.

«Мониторинг барысында Сырдария аудандық орталық аурухана сатып алынатын кейбір тауарлар бағасын нарық бағасынан 1,5-4 есеге дейін асырып көрсеткені белгілі болды. Аталған келісімшарт негізінде алынған тауарларды зерделей келе, алынған тауарлардың ішінде көзге түсетіні, дербес компьютерге қажетті пернетақтаны 52 мың теңгеге «сатып алған».

Айта кету керек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы дербес компьютерге қажетті клавиатураны 8 482,14 теңгеге сатып алып отыр. Негізінен, дербес компьютерге арналған сапалы пернетақтаның нарық бағасы шамамен 4-5 мың теңге тұрады. Аталған деректер бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына бағаны асырған тұлғалардың жауапкершілігін қарауға ұсыныс берілді», - деп мәлімдеді департамент мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары