Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларын өткізуге қанша қаражат бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасын іске асыруға арналған жоспар бойынша 2019 жылы бюджеттен 119 миллион теңге бөлінген. Тағы 15,2 миллион теңге этникалық топ өкілдерінің фестивальдерін өткізуге жұмсалыпты.
«Қазақстан халқы Ассамблеясының концертін өткізуге былтыр бюджеттен 70,9 миллион теңге бөлінді. Ал биыл ол қаражат 74,2 миллион теңгеге жетпек.
Ал Ассамблеяның жыл сайынғы сессиясын өткізуге дайындық жүргізу үшін 2019 жылы 67,9 миллион теңге бөлінсе, биыл да бюджеттен сол мөлшердегі ақша аударылып отыр» делінген ведомствоның хабарламасында.
Сондай-ақ, министрліктің мәліметінше, этникалық проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргізу үшін бюджеттен 64 миллион теңгедей қаражат бөлінеді. Шығынның жалпы сомасы айтылмады.