Өңір басшысы Оңдасын Оразалин облыстағы жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен 16%-ға төмен екенін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
«2019 жылы ең төменгі жалақы 1,5 есеге өсті. Ең төменгі жалақы алатын 70 мыңнан астам ақтөбеліктің жалақысы көтерілді. Дегенмен, облыста 40 мың теңгеден де аз жалақы алатын адамдар көп. Өңірдегі жалақы деңгейі республика бойынша жалақының орташа көрсеткішінен 16%-ға төмен. Батыс Қазақстан өңірі бойынша да облыстағы жалақы мөлшері аз», - деді Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
Бұл жағдайды дұрыстау үшін халық табысының жыл сайынғы өсуін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешені әзірленді.
«Мемлекет басшысының тапсымасын орындау мақсатында мәдениет, халықты әлеуметтік қорғау, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру қызметкерлерінің жалақысы орта есеппен 30%-ға өсетін болады», - деді өңір басшысы.