$ 514.65  544.6  5.17

Қазақстанда сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша 5 министрлік пен 9 өңір көш бастап тұр

Сол себепті, бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен аграрлық ғылым саласының ғалымдары бұл мәселеге қатты алаңдаушылық білдіріп отыр екен.
фото: sputniknews.kz
фото: sputniknews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингте өңірлердің теріс рейтингі шықты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз орталығында Превенция департаментінің басшысы Анар Жарова 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері туралы айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, СЖҚІА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Агенттік жүргізген мониторинг бойынша жемқорлыққа бейім орталық мемлекеттік органдардың ішінде топ бестік ретінде ІІМ, Қаржы, Қорғаныс, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері анықталған.

Мониторинг көрсеткендей, өткен жылы әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандардың ең көп саны Түркістан – 37, Шығыс Қазақстан – 37, Жамбыл – 30, Ақмола – 19, Алматы және Қостанай облыстарында – 15-тен, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында – 14-тен тіркелген.

«Жергілікті атқарушы органдарда көбінесе сыбайлас жемқорлық қылмыстар білім беру, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, сәулет және құрылыс, ТҮКШ салаларында жасалған», – деді А. Жарова.

Сол себепті, бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен аграрлық ғылым саласының ғалымдары бұл мәселеге қатты алаңдаушылық білдіріп отыр екен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері мониторингінің нәтижелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі «жеп қалу» тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді ұсынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары