$ 449.3  489.69  4.89

«Құс тұмауы» тағы да пайда болды: Қазақстан Украинадан құс өнімдерін тасымалдауға тыйым салып отыр

Қазақстан құс өсірушілер Одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, аталмыш шара Қазақстан аумағын құстардың қауіпті ауруларының таралуынан қорғауға ықпал етеді.
фото: gossluzhba.kz
фото: gossluzhba.kz

Қазақстан «құс тұмауына» байланысты Украинаның Винница облысынан құс және құс өнімдерін алып келуге тыйым салды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті уақытша шектеуді 2020 жылғы 27 қаңтарда Халықаралық Эпизоотиялық бюросының Украинаның Винницк облысында құс тұмауының жоғары патогенді вирусын тіркеуінің негізінде енгізді.

Сондай-ақ, Винницк облысы аумағы арқылы жылулық өңдеуден өтпеген (кемінде 70°С) тірі құстың, инкубациялық жұмыртқаның, мамықтың және қауырсынның, құс етінің және құс шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлерінің транзитіне уақытша шектеу қойды.

Сонымен қатар, құстарды күтіп-ұстауға, союға және бөлшектеуге арналған бұрын қолданыста болған жабдықтарды пайдалануға тыйым салынды.

Қазақстан құс өсірушілер Одағының президенті Руслан Шәріповтың айтуынша, аталмыш шара Қазақстан аумағын құстардың қауіпті ауруларының таралуынан қорғауға ықпал етеді.

«Осындай уақытылы шешім барда, құс өсіретін шаруашылықтардың иелері өзінің құстары үшін алаңдамаса да болады», - деді ол.

Айта кетсек, Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы да «құс тұмауының» шығуына байланысты уақытша шектеулер енгізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары