Үстіміздегі жылы Алматы облысының 40-тан астам тұрғыны қаржы пирамидасынан зардап шеккен, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қаржы пирамидасы – кейінгі инвесторлардан ертерек кірген инвесторларға қаражатты алып беру арқылы табыс табудың схемасы және азаматтардан ақша алудың ең қарапайым және танымал тәсілі.
Мемлекеттік органдардың үнемі жүргізілетін түсіндіру жұмыстарына қарамастан, азаматтар үнемі осы «конструкцияға» түседі.
2019 жылы қылмыстық қудалау органдары қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және басқаруға қатысты 8 сотқа дейінгі тергеуп-тексеру материалын тіркеді.
Ағымдағы жылы да осындай фактілер анықталып, құқық қорғау органдары қаржы пирамидасын құрған адамдар тобына қатысты тергеу жүргізуде.
Облыстың 40-тан астам азаматы осы схема бойынша жәбірленушілі болды және олардың саны артуы мүмкін, себебі, барлық жәбірленушілер уақытында шағынданбайды. Кейбіреулері мүлдем құқық қорғау органдарына жүгінбейді.
Белгілі болғандай, қаржы пирамидасының негізгі белгілері мынадай:
– ұйым нарықтық деңгейден бірнеше есе жоғары, бұрын-соңды болмаған жоғары кірісті жария ететін агрессивті жарнама;
– басқа қатысушылардың салымынан жаңа қатысушыларға қаражат төлеу;
– ұйымның нақты анықтамасы жоқ;
– сізден кіру ақысын құюды, жаңа клиенттерді тартуды сұрайды және т.б.
Облыстық прокуратура осыған байланысты азаматтар күмәнді кәсіпорындарға ақша салудан аулақ болу керек деп ескертеді.