$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда еңбек мигранттарына баспана алу үшін 8,5 млрд теңге бөлінетін болды

Сонымен қатар, Қазақстанда еңбек нарығын дамытуға жалпы 18,3 млрд теңге бағытталады.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

2020 жылы республикалық бюджеттен жұмыс күші мол аймақтардан келген қоныс аударушылар үшін баспана сатып алуға 8,5 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, LS-ке сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің талдау ақпаратына сәйкес, қаржыландыру екі облыс арасында бөлінетін болады. Солтүстік Қазақстан облысын жаңа мекенжай ретінде таңдайтындар 4,8 млрд теңге алады. Ал 3,7 млрд теңге Павлодар облысына бағытталмақ.

Бұдан басқа, ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы бойынша бес аймаққа 1,6 млрд теңге бөлінді. Ең үлкен сома – 702,4 млн теңге Павлодар облысына жіберіледі. Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысы 382,2 млн теңге, Қостанай облысы 256,8 млн теңге және Шығыс Қазақстан облысы 237,1 млн теңге алады. Ең аз, небәрі 24 млн теңге қаражат Ақмола облысына жоспарланған.

Сонымен қатар, Қазақстанда еңбек нарығын дамытуға жалпы 18,3 млрд теңге бағытталады. Ең көп, 3,7 млрд теңге үлес Түркістан облысына тиесілі. Сондай-ақ, 8,4 млрд теңге әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысына қосымша төлем трансферттерін құрайды.

Жалпы, 2020 жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуға және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 26,8 млрд теңге қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары