$ 522.49  547.88  5.06

Нұр-Сұлтанда салынып бітпеген LRT ақшасы зейнетақы мен жәрдемақыға жұмсалуы мүмкін

Бұған дейін Есеп комитеті LRT жобасының шығынды өтемейтініне байланысты, оны жабу туралы ұсыныс білдірген болатын.

Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Нұр-Сұлтандағы салынып бітпеген жерүсті метросы туралы мәселе көтерілді. Қазіргі уақытта билік LRT жобасының жалғасатыны немесе жабылатыны жайлы шешім қабылдауда, деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұған дейін Есеп комитеті LRT жобасының шығынды өтемейтініне байланысты, оны жабу туралы ұсыныс білдірген болатын. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов бұл ұсыныстың қазір Үкіметте зерттеліп жатқанын атап өтті. Әзірге астаналық метро бойынша қорытынды шешім шыққан жоқ.

Сондай-ақ, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов аталған мәселе бойынша шешім қабылдауда әлемдік экономиканың ахуалы, атап айтқанда, мұнай бағасының ауытқуы ескерілетінін жеткізді.

Бұған дейін мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту және оңтайландыруды тапсырған болатын. Осыны атап өткен Дәленов кейбір инвестициялық жобалардың келесі жылға ауыстырылатынын мәлімдеді.

Қажет болса, жобалардан үнемделген қаражат әлеуметтік міндеттемелерге жұмсалады. Мәселен, қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысына қосымша индекстеу керек болған жағдайда осындай шаралар жүргізілмек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары