$ 494.87  520.65  4.91

«Мұнай бағасы 2 айдан аса 40 доллардан көтерілмесе, жағдай расымен мүшкіл» - Қасымхан Қаппаров

Экономистің айтуынша, елде кризистік жағдай орын алатыны алдын-ала болжанған. Бұл – таңғалатын жаңалық емес.

Коронавирус тек медицинаны емес, әлем экономикасын да қауқарсыз күйге түсіруде. Мамандар осылай деп дабыл қағып жатыр. Қытайда өндіріс өнеркәсібі тоқтаса, айналасындағы елдерге де экономиканың салқыны тимей қоймады. Қазақстан да бұл тізімнен шет емес. Өйткені, мұнай экспортындағы басты сатып алушымыз – осы ел, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы, newsroom.kz-ке сілтеме жасап.

Экономист Қасымхан Қаппаровтың айтуынша, осыған байланысты елде кризистік жағдай орын алатыны алдын-ала болжанған. Бұл – таңғалатын жаңалық емес.

«Тек Қазақстан емес, әлемнің мұнай өндіруші ірі мемлекеттері де Қытай нарығына тәуелді екенін ескергеніміз жөн. Десе де, жағдайдың отандық нарыққа қаншалықты зиянын тигізетінін нақты ашып айта алмаймыз. Бұл – уақыттың еншісінде. Елде девальвация орнауынан халық жапа шеге қоймайды деп сенеміз.

Өйткені, Қазақстан экономикасы кейінгі он жылдың көлемімен салыстырғанда, тұралап қалған жоқ. Азық-түлік, тауар бағасында аздаған өзгеріс байқалуы мүмкін. Жағдай кері кетіп жатса, Ұлттық қордағы қаражатқа қол салуға мәжбүрміз», - дейді ол.

Қытай елін инфекция жайлағалы өндіріс көлемі де әлсіреген. Сәйкесінше, өнім саны артып, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының түсіуіне алып келеді. Қытай жуық арада өз экономикасын реттеу арқылы, әлемдік нарықты да қалыпқа келтіреді деген болжам бар. Дегенмен, 55 долларға шақталып құрылған ел экономикасы үшін осы аздаған уақыттың да әсері айтарлықтай.

Мәселен, мұнай бағасы 2 айдан аса 40 доллардан көтерілмесе, жағдай расымен мүшкіл. Бұған Қытай шекарасының жабылуына байланысты, азық-түлік пен тауар бағасының күрт қымбаттауын да есепке алсаңыз, елде девальвация болатыны анық. Бірақ, мамандар қарапайым халық одан жапа шеге қоймайтынын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары