Төтенше жағдай кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шаралар қабылдануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың мәлімдемесін негізге ала отырып.
«Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағалары тұтақтандырылады. Төтенше жағдай режимінде барлық ел болып қауіп-қатерге қарсы бірігуге тиіспіз. Тамақ өнімдерінің бағаларын көтеруге, алыпсатарлыққа жол бермеу үшін барлық күш-жігерімізді салатын боламыз», - деді министр.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар тауарлардың шекті бағаларын енгізу тетігі жеңілдетіліп жатыр.
«Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуына жедел тосқауыл қоюына мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдардың шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салуға құқықтары бар», - деді министр.