$ 498.34  519.72  4.85

Кинотеатрлар мен ірі сауда орталықтары бір жылға салықтан босатылуы мүмкін

Сонымен қатар бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату, үшінші тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру қарастырылған.

Ірі сауда нысандары, кинотеатрлар мен театрлар, спорт нысандары бір жылға мүлік салығынан босатылуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр шағын және орта бизнестің жекелеген санаттары үшін салықтық ынталандыру көзделіп отырғанын айтты. Бұл – ірі сауда объектілері, кинотеатрлар, театрлар, көрмелер мен спорт нысандары.

"Бұл санаттағы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді бір жылға мүлік салығынан босату ұсынылып отыр", - деді Дәленов үкімет отырысында.

Сонымен қатар бір тоқсанға өсімпұл есептеуді тоқтату, үшінші тоқсан үшін салықтық есептілік мерзімін ауыстыру қарастырылған.

Бұдан бөлек, үкімет "Бизнестің жол картасы-2025" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламаларын синхрондау аясында кәсіпкерлерді несиелендіру 400 миллиард теңгеден 1 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.

"Ақша, ең алдымен, импортқа тәуелділікті төмендету және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін отандық өнім өндірушілерге беріледі", - деді министр.

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы бойынша несиелендірудің жоғарғы шегі 7 миллиард теңгеге дейін ұлғаяды. Ағымдағы шығыстарды жабу үшін бизнестің айналым қаражатын қаржыландыруды кеңейту ұсынылады.

Екіншіден, кредит бойынша түпкілікті сыйақы мөлшерлемесі біріктіріліп, 6 процентті құрайды.

"Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасында салалық шектеулер алынып тасталады. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасында басым тауарлар тізбесі кеңейтіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#салық