«Сәби» қайырымдылық қорының Президенті және негізін салушы Әсел Тасмағамбетова мен қордың негізін салушы Кеңес Рақышев ҚР Дәрілік заттарды сараптау орталығына көмектесу мақсатымен 100 млн теңгеге коронавирусты анықтауға арналған 50 мың тест сатып алу арқылы көмек көрсетті.
Сонымен қатар қор құны 10 млн теңгелік тыныс алуға арналған ИВЛ V8600 аппаратын да сатып алады. Kaspi.kz Басқарма төрағасы Вячеслав Ким мен Kaspi.kz Басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе де бұл мақсатқа 100 млн теңге бөлді.
Covid-19 коронавирусының таралуынан туындаған күрделенген жағдайға қарай елде жарияланған ТЖ және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында жарияланған карантинге байланысты қиын кезеңде «Сәби» қоры «Медициналық жобасының» аясында Қазақстан тұрғындарына көмектесу туралы шешім қабылдады. Kaspi.kz басшылары осы маңызды бастамаға қосылуды шешті.
Коронавирусты уақытында, алғашқы күндері анықтап, вирусқа қарсы ертерек ем алу - маңызды. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын азайтады.
Мұндай жағдайда бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі Қазақстан тұрғындарының өмірі мен денсаулығы, ел болашағының алдындағы жауапкершілік.
Covid-19 коронавирусын анықтауға арналған 100 мың дана жедел тест «КДЛ Олимп» ЖШС-не «Олимп» клиникалық-диагностикалық лаборатория базасында тұрғындар арасында тегін тест жүргізу үшін беріледі.
2002 жылы құрылған «Сәби» қорының басты бағыттары балалардың денсаулығы мен табиғи дамуы және рухани даму мен білімнің қолжетімділігі. Өз қызметін қоғамның қорғалмаған бөлігіне бағыттау арқылы «Сәби» қоры жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан талантты, денсаулығында кінарат бар балалар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау көрсетумен айналысады.
Ал Kaspi.kz Қазақстандағы ең ірі төлем жүйесі, сауда алаңы мен мақсаты инновациялық өнімдер мен төлем, сатып алу мен жеке қаражатты басқаруды дамытатын қызметтерді жасау арқылы адамдардың өмірін жеңілдетуді мақсат тұтатын Fintech экожүйесін басқарады.
Дереккөз: Nege.kz